ДенсаулықҚоғам

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

1 шілдеден бастап әрбір қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды алғашқы болып жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударады.

Медицина саласының сапасын жақсартуға жаңа серпін беретін әлеуметтік бағдарламаны түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Осындай шаралардың бірі Назарбаев университетінің Медицина мектебінде болып өтті. Шараға қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды. Оған елордада орналасқан ірі 76 медициналық мекеменің басшылары қатысты. Сұрағы көп, жауабы жоқ мәселелер көптеп талқыланды.

Жиынға қатысқан Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді жоспарлау департаментінің директоры Айгүл Имашева және сол қордың қаржыландыру бойынша басқарушы директоры Гүлнәр Әлімғазиева дәрігерлерді қызықтыр­ған сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер медициналық сақтандыру кезінде мемлекеттік қолдауға кімдер ие болатынын айқындап алғысы келді. «Балалар, жұмыссыз болып тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтіндер, зейнет жасындағылар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, тергеу изоляторындағы адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алғандар, техникалық және кәсіптік білім алып жатқан студенттерге мемлекет медициналық сақтандыру жарнасын төлеп береді» деді қор өкілдері.

МӘМС қорының рейтингісіне сәйкес, Астана тұрғындарды ақпараттандыру бойынша төртінші орында. Бүгінгі таңда 875 638 ересек тұрғындардың 118 325-і ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қамтылған.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button