Жаңалықтар

ЖЫЛ АЯҒЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛАДЫ



781e77b5a9d61dbf6883637cf3b

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады.

Жыл аяғына дейін Есіл ауданында 200 орындық балабақша ашылады. Нысан жаңа тұрғын ауданда орналасқан. Елорда әкімі № 26, № 37, № 38 және Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында салынып жатқан 1200 орындық мектепке барды. Өте қолайлы жерде орналасқан жаңа оқу ордасы да жыл соңында пайдалануға беріледі.

  Сондай-ақ, елорда басшысы денсаулық сақтау саласы нысандарымен де танысты. Атап айтқанда, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшенің қиылысында ауданы 65 мың шаршы метрді құрайтын 250 орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Теміржолшылар тұрғын алабында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, сонымен бірге бір ауысымда 150 келушіні қабылдай алатын 250 орындық медициналық-санитарлық оңалту орталығы іске қосылмақ.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button