Әлеумет

АБАЙЛАП ЖҮРГЕН АЛЫСҚА БАРАР

акция-жол-1

Жол-көлік оқиғалары салдарынан кішкентай балалар да зардап шегіп, жарақат алып жатады. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілердің қырағылығын күшейту парыз. Осы мақсатта Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері № 64 орта мектептің жол қозғалысы жас инспекторлары жасағымен бірлесіп, «Жүргізуші, жылдамдықты азайт! Алда жаяу жүргіншілер жолы!»  акциясын бастады.

Жыл басынан бері елорданың  тас жолдарындағы жол-көлік оқиғалары салдарынан 80-дей   бала түрлі жарақат алып,  үшеуі қаза тапқан. Жақында ғана Астанада жаяу жүргіншілер жолында  мектеп оқушысын көлік қағып кетіп, ауыр жарақаттың салдарынан жас ғұмыр ерте солды. Сондықтан, полиция қызметкерлері мұндай оқиғаның қайталануына жол бермеуге тырысуда.

Акция кезінде мектеп оқушылары жол қозғалысының жас инспекторларымен бірге  жаяу жүргіншілер жолына шығып, жүргізушілерге жылдамдық  тәртібін  сақтауды еске салатын жол белгілерін таратады. Олар осылайша жүргізушілер назарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға және арнаулы  жолақтан жаяу жүргіншілерге, әсіресе,  балаларға жол берудің  маңызына аудартпақ. Акцияға қатысушылар жүргізушілерге жол қозғалысы тақырыбындағы суреттер мен шығармалар және жол ережесін еске салатын ақпараттық кітапшалар табыстайды. Олар одан бұрын «Жүргізуші – менің өмірімді сақта» тақырыбында өткен  байқауға қатысып, түрлі суреттер салған еді.

Полиция қызметкерлері бұл акция  жүргізушілерді  білім беру мекемелерінің маңында жылдамдық  тәртібін  сақтап, жалпы жол жүргенде  мұқият болуға шақыратынына сенімді.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button