Елорда тынысы

Лифт өндірісін дамытады

Оңтүстік Корея Қазақстанның лифт жасау саласына 30 миллион доллар инвестиция құяды.

Астана қаласының техникалық колледжінде оқу орнының әкімшілігі Оңтүстік Корея инвесторларымен Қазақстанда лифт шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Оңтүстіккореялық Kone Elevators компаниясы технологиялар трансфері, құрылыс жабдықтарын қамтамасыз ету және қызмет көрсету, зерттеу, әзірлеу және оқыту іс-шараларын жүргізумен айналысатын лифт орталығының құрылысында ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Ofe Elevators компаниясының президенті Хам Ен-Чхердің айтуынша, жоба Алматы облысының аумағында көтергіш және лифт жабдықтары үшін өнеркәсіптік парк құруды көздейді, ал елордада өндірістік тәжірибені қамтамасыз ете отырып, білікті мамандарды даярлау бойынша кәсіби техникалық орталық құру жоспарланған.

Жоба «R&D паркі» деп аталды. Оның құны 30 миллион доллардан асады, 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылдан 2026 жылға дейін деп жоспарлануда.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button