Елорда тынысы

«Отау» тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Отау» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде тұрғындар бірқатар өзекті проблеманы көтерді.

«Кеше экоайлық аясында «Бірге таза Қазақстан» және «Дүниежүзілік тазалық күні» атты бүкіләлемдік экоакциясы бойынша жалпықалалық сенбілік басталды. «Отау» шағын ауданының тұрғындарымен бірге ағаш отырғыздық. «Отау­да» (Алматы ауданы, Метро жағы) жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй шағын ауданын салдық. Енді шағын ауданды одан әрі дамыту бойынша атқарылар жұмыстар көп.

Кездесуде қала тұрғындары бірқатар проблеманы көтерді. Олардың арасында әлеуметтік нысандар құрылысы (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.), ауданды абаттандыру (аула аумақтары), қосымша автобус маршруттарын іске қосу, жылы аялдамалар орнату, жол салу және жөндеу, интернет сапасын жақсарту, құрылыс компаниясы тарапынан кеткен кемшілікті қалпына келтіру, сол сияқты кәріз жұмысы, сауда азық-түлік дүкенін ашу және т.б. мәселелер болды. Мәселен, шағын ауданда екі мектеп салу жоспарланды. Өздеріңіз білетіндей, қазір ірі мектептердің құрылысына көшіп жатырмыз. Осылайша бір мектеп 4 мың оқушыға (2 ауысымда) арналады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында балабақша құрылысы қарастырылды. Бұдан бөлек, гипермаркет құрылысына да арналған жер телімі бар. Бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды: бірқатарын қысқа мерзімде шешеміз, ал жүйелі мәселелер көбірек уақыт қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды орындау кестесін құрамыз» деп түсіндірді қала басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button