Мәдениет

Гайдннан Қазанғапқа дейін

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­ның Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартет «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында «Aqzhelen» концертін ұсынды.

«Қазақквартет шақырады» топтамасының жазғы серия­сында музыкалық ұжым Йозеф Гайдн, Морис Равель, Хуго Вольф сынды композиторлардың шығармаларын және қалыптасқан дәстүр бойынша ұлттық музыкалық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің бірі, күйші, халық композиторы Қазанғаптың «Ақжелең» туындысын орындады.

«Ақжелеңді» дирижер, өңдеуші-композитор, этномузыкатанушы Әбілқайыр Сағымбаевтың өңдеуінде ұсынылды. Оның айтуынша, «Ақжелең» – домбыра музыкасындағы тұтас ағым. Бұл жанр – Қазанғаптың қазақ өнеріне қосқан жаңалығы. Қазанғап «Ақжелеңнің» 62 нұсқасын жасады. Бұл «Күй шақырғыш Ақжелең», ­«Домалатпай ­Ақжелең» болып кете береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button