Мәдениет

Садақ ату сайысы

Елорда маңындағы «Балқарағай» демалыс орнында дәстүрлі садақ атудан алғаш рет жастар және ересектер арасындағы Астана қаласының чемпионаты өтті.

Чемпионат 18-24 жас және 24 жастан жоғары санат бойынша, ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылды. Сайыс 4 түрлі жаттығу бойынша өтті.

«Елордамыздағы садақ атушыларымыз Қазақстандағы ең үздік мергендердің қатарына кіреді. Оның ішінде 15 садақшымыз өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында ұлттық құраманың сапында жүр. Біз астаналық спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтана аламыз. Бүгінгі Астананың чемпионатында қазақтың дәстүрі одан әрі жаңғыра түсетіні анық» деді Астана қалалық садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов.

Жарыстың Пута нысанасы бойынша (70 метр – ерлер, 60 метр – әйелдер) бәсекесінде – Ербол Тапенов мен Динара Жақсылықова.

Жастар бәсекесінде (30 метр) Ерзат Талапбай мен Фариза Сабыржан, Қалқан нысанасы бойынша (60 метр (ерлер) /50 метр (әйелдер) ересектер бәсекесінде Бақберген Салимов пен Баян Чекоданова жеңімпаз атанды.

Орта Азия нысанасы бойынша сайыста 40 метр (ерлер/әйелдер) Мұхамедәлі Әшіров пен Анжелла Тарыца, жастар жарысында Елдос Егізбаев пен Дильназ Әбдіразақ, Жамбы нысанасы жарысында Абылай Қанат пен Салтанат Исакова топ жарды. Жарыс соңында әр санаттағы жеңімпаздар медаль, диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Астана чемпионатында жүлдегер атанған садақшылар маусым айының аяғында Жетісу облысында өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынайды» дейді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттың олимпиадалық емес түрлерін дамыту дирекциясының» басшысы Дастан Алдашов.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button