Қала мен Сала

Жылы аялдамалар көбейеді

Елордада 2015 жылдан бастап жылы аялдамалар орнатыла бастады. Қазір қалада жасалу құны 10 миллион теңге тұратын жылы аялдамалар саны 164-ке жетті.

Сандық деректерге сәйкес, 2015-2021 жылдары Астана қаласының Көлік және ­жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 130 жылы аялдама ор­натса, елордадағы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тағы 29 жылы аялдама қосып, олардың санын арттырды. Алдағы уақытта Есіл ауданы әкімдігі – 2, Сарыарқа ауданы әкімдігі – 1 және Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен 2 жылы аялдама орнатылады.

– Биыл Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жабық үлгідегі 40 жылы аялдама орнатуды жоспарлап отыр. Бүгінде оларды орнату жұмысы жүріп жатыр. Жабық аялдамалар әлеуметтік маңызы бар нысандарды ескере отырып орнатылады, – деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілі.

 Баян Асылбекова

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button