Ел тынысы

Тілді білу норма болуы тиіс

– Қазақстан халқы Ассамблеясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шет елде Қазақстан спортшылары өнер көрсеткенде, қандай ұлт өкілі болмасын – қазақ спортшысы деп атайды». Бұл өте дұрыс! Этносаясаттың бетбұрысы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ең басты символы – біздің паспорт! «Қазақстан паспорты – еліміздің азаматтарына құқық бере отырып, қазақстандық бірліктің символы!» деп атап өтті.

Қазақ тілін еркін білу барлық азаматтар үшін норма болуы керек. Мемлекеттік тілді меңгеру – патриотизмнің басты көрсеткіші! «Елімізде сепаратизм мен радикализмге жол жоқ! Мемлекеттік тілді барлық азаматтардың игеруі – басты міндет!». Қазақстанның бірлігі мен ынтымағы – барлық халықтардың жауапкершілігі. Плюрализм керек, радикализмге жол жоқ! Барлық саяси күштердің көзқарас әралуандылығын сақтай отырып, Қазақстан тәуелсіздігі құндылығы аясында біріге білуі маңызды. Әлемдегі барлық жанжалдар мен кикілжіңдер ұлттық менмендіктен басталады. Бүгінгі күрделі заманда мемлекет ішінде іріткі болмай, өзара бауырмалықты, ынтымақты арттыру өте маңызды.

Ерлан САИРОВ,

Мәжіліс депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button