Ел тынысы

Жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын атады

– Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясы аталған форумның еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екенін анық көрсетті. Мемлекет басшысы Ассамблеяда сөйлеген сөзінде мемлекеттік құрылыстың іргетасы этносаралық келісім мен бірлікке негізделетінін аңғартты. Этносаралық қатынас бағытындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді міндеттер қойылды.

Президент сөзінің негізгі түйі­ні мынадай тұжырымға саяды: жалпыұлттық бірегейлікті әлеу­меттік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек.

Президенттің айтуынша, «Біздің барша халқымыз өздерін үлкен және біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде сезінеді», «ондағы әрбір этнос достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып отыр». Осы орайда, Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын тағы бір мәрте атап өтті. Бірінші, азаматтық бірегейлігімізді танытатын көк төлқұжат. Бұл барлық азаматтың тең және мемлекеттің қорғауында екенін көрсетеді. Екіншісі, Қазақстанның тәуелсіздігін, оның ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттілігін бейнелейтін аспан түстес көк байрақ.

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button