Ел тынысы

Ынтымақтастық ­нығайып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян­мен кездесті. Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолын талқылауға орайлы сәт екенін атап өтті.

«Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің ел көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз. Мүмкіндікті пайдаланып, Араб Әмірліктерінің басшылығына алғысымды білдіремін және Президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ыстық ықыласқа толы сәлемімді жолдаймын» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян құрмет көрсеткені үшін Қасым-­Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және Қазақстан мен БАӘ қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Кездесу соңында Президент екі ел арасындағы ынтымақтас­тықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button