Білім

Ұлттық лига – мектепте

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордалық №37 мектеп-лицейінде өткен Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Министр былтыр оқушылар арасындағы Дүниежүзілік гимназиадаға қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып, командалық есепте үшінші орын алғанын атап өтті.

– Дүниежүзілік гимназиадаға 64 мемлекет қатысты. Әрине, үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттендік. Десе де балаларымыздың нәтижесі біз күткеннен де асып түсті. Командамыз жеңіске жетіп, гимназиадада құрметті үшінші орынды иеленді. Бұл – балаларымыздың өте үлкен жетістігі. Алдағы жылдары да осы іс-шараларға қатысамыз, – деді министр Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ ведомство басшысы 2022-2023 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасына бірқатар жаңалық енгізілгеніне тоқталды. Биылдан бастап шахматтан жарыстар алғаш рет енгізіліп отыр.

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button