Білім

1-сыныпқа қабылдау жуырда аяқталады

Мектепке қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сәуірден бастап жаңа оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталды. Балаларды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды.  Яғни, 31 шілде – құжат тапсырудың соңғы күні. 6 жастағы балалар 1-сыныпқа қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Қосымша сұрақтарыңыз

болса, 55-68-70, 55-68-81, 55-68-87, 55-74-62 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру электрондық үкімет  веб-порталы – eGov.kz арқылы және білім беру ұйымдары арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылып жатыр (белгіленген жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін).

Қосымша сұрақтарыңыз болса, 55-68-70, 55-68-81, 55-68-87, 55-74-62 нөмірлеріне хабар­ласу­ларыңызға болады.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталуға жақын. Небәрі 2 күн қалды. Алдағы уақытта балаларды мектепке дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button