Білім

102442 түлек ҰБТ тапсырады

Кеше Білім және ғылым министрлігі өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Жиында Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов пен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов 2017-2018 оқу жылының қорытындысы және еліміздегі түлектердің ҰБТ-ға дайындығы жайлы ақпарат берді.

Биыл 147 мың түлек мектеп бітірмек. Еліміздегі 7000-нан астам мектепте 2 млн 900 мыңнан артық шәкірт оқу жылын аяқтады. 29 мамыр мен 9 маусым аралығында оқушылар емтихан тапсырып, абыроймен сынақты тәмамдады. 6892 үміткер «Алтын белгіге» ұсынылып, оның 6780-і, яғни 98 пайызы білімін дәлелдеді. 4966 үздік аттестатқа үміттінің 4915і, демек, 99 пайызы лайықты деп танылды. Алдағы ҰБТға түлектердің 90 пайызы қатысқалы отыр. 102 мың 442 түлек тест тапсырады. Бұл дерек әлі өзгереді. Өйткені түрлі жағдайлармен қатыса алмай қалатындар болуы мүмкін.

Қарлыға ИБРАГИМ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button