Ел тынысы

20 миллионға жуықтадық

Қазақстанда халық саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойын­ша 19 899 377 адамға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Қазақстандықтардың саны соңғы бір айда 20 мыңнан аса адамға өскен. 2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстандағы халық саны 19 879 003 адам болған.

Елімізде қала тұрғыны 12 317 671 адамға, ауыл тұрғыны 7 581 706 адамға жетті. Тұрғындар саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында, бұл мегаполисте ресми тіркелген
2,1 млн адам тұрады. Екінші орында 2,1 млн тұрғыны бар Түркістан облысы тұр. Халық саны жөнінен алғашқы үштікті 1,5 млн тұрғынымен Алматы облысы түйіндеді. Төртінші көрсеткіш Астанаға тиесілі. Елордада 1 383 291 адам, ал Шымкентте
1 205 889 қазақстандық тұрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button