Шартарап

Достық қатынас қанат жаяды

Үндістан мен Қазақстан Республикасы арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 4-ші диалог        2023 жылғы 3 тамызда Астанада Үндістан-Қазақстан төртінші қауіпсіздік диалогы өтті. Үндістаннан келген делегацияны Жоғары Мәртебелі Викрам Мисри Мырза, Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары басқарды. Үндістан делегациясы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Нұржан Қаджиақбаров басқарған қазақстандық делегациямен нәтижелі талқылаулар өткізді.

Қауіпсіздік диалогы шеңберіндегі талқылаулар екі елдің, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерге, қауіптер мен қиындықтарға бағытталған.  Екі тарап та осы мәселелер бойынша көзқарастардың ұқсастығын құптайды және терроризмге қарсы күрес, радикалдандыру, есірткіні бақылау және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, тиісті ұйымдар арасындағы қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін келесі қадамдар туралы келісті.

Сапар барысында Мисри мырза Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш мырзамен келіссөздер жүргізді. Үндістан делегациясы екі ел арасындағы екіжақты стратегиялық қатынастарды ескере отырып, әртүрлі қызығушылық тудыратын нысандарды аралады.

 

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button