Ел тынысы

Астанада Италия профессорлары шеберлік сабағын өткізді

 «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ елордаға Верона қаласынан Инклюзивті білім беру университетінің профессорларының келуін қамтамасыз етті.

Луиджи Анджело Сангалли және Фабио Тоньонмен бірлесіп, «21 трисомиясы бар бала: үйдегі және әлеуметтік автономияға ықпал ететін сенсорлық және моторлық мүмкіндіктер» тақырыбындағы шеберлік дәрістері 1-4 тамыз аралығында өтті.

Іс-шараға балалар мен олардың ата-аналары және педагогтар қатысты. Осылайша Даун синдромы бар балалардың күнделікті тапсырмаларды орындай алып, әлеуметтік өмірге бейімделуі мақсат етіліп отыр.

Шеберлік сабақтарында балалардың деңгейін анықтап, мамандардың жұмысын бағалаумен қатар ата-аналарға кеңес берілді. Сонымен қатар, қосымша үйдегі және әлеуметтік автономияға ықпал ететін сенсорлық және моторлық мүмкіндіктер, неврологиялық түйткілдер және баланың дамуына бағытталған интеллектуалды ынталандыру бағдарламалары қамтылды.

«Италия профессорларынан осы уақытқа дейін бірнеше онлайн кеңес алған болатынбыз. Енді міне тікелей ақыл-кеңестеріне мұқият құлақ түрдік және бұл мүмкіндік үшін алғысымыз зор. Пайдалы нәрселер көп айтылды және балаға қатысты барлық сұраққа жауап алдық. Себебі профессор балаға қарап отырып-ақ қабілеттерін байқап, дамуына байланысты әдістемелерді нұсқады. Аталған әдістемелер елеулі өзгерістер әкелуде және олардан ауытқымасақ, нәтижеге тез қол жеткіземіз деп ойлаймын», – деп бөлісті елордалық ана Аида Жайсаңбай.

Дәл осы секілді шеберлік сыныптары осыған дейін Алматыда өтсе, алдағы уақытта Көкшетау және Атырау қалаларында да болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Қор демеушілігімен Даун синдромы бар балаларға арналған орталық жөндеуден өткен соң қайта ашылып, заманға сай құрал-жабдыққа ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button