Мәдениет

Қарағанды театры келеді

11-13 тамыз күндері «Астана Опера» сахнасында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының труппасы өнер көрсетеді. Ұжым елордалық көрермендерге үш күн бойы ересектер мен балаларға арналған ең қызықты спектакльдерін ұсынады. 

Ересектерге И.Кальманның «Марица» және И.Штраустың музыкасына жазылған «Жарқанат» оперетталары, Г.Гладковтың «Шөп қорыған ит» музыкалық комедиясы, ал балаларға «Аладдин» және «Бремен музыканттары» музыкалық ертегілері және «Қар патшайымы» мюзиклі қойылады. Барлық спектакльдер «Астана Операның» үлкен залында өтеді.

Биыл Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының құрылғанына 50 жыл толды. Бұл жолғы сапар – «Астана Опера» сахнасындағы үшінші гастролі.  Ал «Астана Опера» театрының опера труппасы мен хоры биылғы мамыр айында Қарағандыға барып, С.Рахманиновтың «Алеко» операсының концерттік нұсқасын ұсынған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button