Мәдениет

Жас суретшілер мен мүсіншілер көрмесі

Астанадағы Forte Kulanshi Art Spase қазіргі заманғы өнер орталығында «Anau-mynau» көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге Ринат Әбенов, Ербол Сәрсенбайұлы, Бекзат Орынбеков, Марат Әбішев және Лизавета Антропова есімді жас суретшілер мен мүсіншілердің туындылары қойылды.

Forte Kulanshi Art Spase қазіргі заманғы өнер орталығы кураторлар кеңесінің төрайымы Лейла Махаттың айтуынша, аталмыш көрме жастардың өнерін насихаттау үшін ұйымдастырылды. Ринат Әбенов, Ербол Сәрсенбайұлы және Бекзат Орынбеков Qaz Sculpture Team аталатын шығармашылық топтың мүшелері. Осы топтың жетекшісі Ринат Әбенов – танымал мүсінші. Оның қолынан шыққан мүсіндер Астанада және еліміздің басқа да қалаларында орнатылған. Атап айтқанда, ол – елордадағы Керей және Жәнібек хандар ескерткішінің, биыл бас қалада ашылған Кенен Әзірбаев мүсінінің авторы.

Ал Марат Әбішев пен Лизавета Антропова – суретшілер. Марат кәсіби түрде граффитимен айналысады. Соның ішінде муралдарды да салады. Ал Лизаветаның акварельдік пейзаждарында елорда көріністері бейнеленген. Онда жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешендері, құрылыс крандары, ескі қала, яғни оң жағалау көріністерін тамашалауға болады. Суретші көзбен көргенін кенепке көшіре салмай, туындыларын өзіндік көзқараспен салады.

Көрмені 19 қыркүйекке дейін тамашалауға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button