Елорда тынысы

700 тоннаға жуық өнім ұсынды

22 және 23 қазанда елордадағы дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін халыққа ұсынды.

Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 698 тонна экологиялық таза өнім әкелді. Оның ішінде: 430 тонна картоп, 138 тонна ет, 95 тонна көкөніс, 13 тонна сүт өнімдері, 5,5 тонна балық және балық өнімдері, 200 мың дана жұмыртқа және 16 тонна өзге де өнімдер (шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш) бар.

Қарағанды облысынан Республика күні қарсаңында жәрмеңкеге 164 фермерлік шаруашылық пен қайта өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Бұл жәрмеңке фермерлерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың тауарлары нарықтағы бағадан 10-20% төмен болады. Жәрмеңкелер 30 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: Тұран, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button