Жаңалықтар

АЙТУЛЫ МЕРЕКЕЛЕРДІ АЙШЫҚТАДЫ



Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Арқа әуендері» атты концерт өтті. Қазақ хандығының – 550, Ұлы Жеңістің – 70 және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған концертте достық және майдан әндері шырқалып, ел тарихынан сыр шертетін күйлер орындалды.

Концерт бағдарламасында Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер», Асан қайғының «Ел айырылған», Қадыр Мырза Әлінің «Қазақ осы» шығар­малары домбыраның сүйе­мелдеуімен орындалып, «Соғысқа кеткен ағаның қоштасу хаты» монологы оқылды. ҚР Мәдениет қай­раткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші, композитор, өнер зерттеушісі Қайыржан Мақанов хандар тарихына
шолу жасап, ардагерлердің ерлігін дәріптеп, тың мәлі­меттерімен бөлісті.

Кеш соңында Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаббас Ахметов сөз сөйлеп, жиналған қауымды
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Мерекелік кон­цертті тарту еткен «Арқа әуендері» ән-күй ұжы­мы­ның жетекшісі Кенжетай Жанұзақова аталмыш шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловқа  алғысын білдірді.

Гүлнәр ЖҰПАРБЕК,

Л.Гумилев атындағы
Еуразия
ұлттық университетінің студенті




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button