Жаңалықтар

КӨЛІКПЕН ДЕ ҒАЛАМТОРҒА КІРЕСІҢ

tehnologii-internet-biznes

Өткен жұма күні Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Beeline Қазақстанның» бас директоры Тарас Пархоменкомен кездесті.

Кездесу барысында «Beeline Қазақстан» компаниясы биыл елорданың жүз қоғамдық көлігінде тегін интернет жүйесін іске қосатыны туралы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап елу қалалық автобус жолаушылары тегін интернетті қолдана бастаса, 1 қазаннан бастап тағы да елу автобуста тегін интернет орнатылады.

– Бүгінде смартфондар мен планшеттерді қолдануға деген сұраныс күн санап артып келе жатқандықтан, елорда тұрғындары үшін мобильді интернеттің барлық жерде қол жетімділігі заманауи қажеттіліктен туындап отыр. Атал­ған жобаның басымдылығы – жолаушылардың барлығына бірдей тиімділігінде жатыр. Әрі кез келген байланыс операторының қызметін пайдалана беруге болады, – деді қала әкімінің орынбасары Н.Әлиев.

Жобаның серіктестері Астана әкімдігіне қарасты «Астана Innоvations» АҚ инновациялық даму операторы және елорданың көлік инфрақұрылымы дамуының операторы «Астана LRT» ЖШС-ы болып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button