ЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметке сенім берді

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, «Республикалық Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы:

– Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты зерттеліп, сараланып, терең талдау жасалып, оны жүзеге асыру мақсатында нақты міндеттер белгіленген тарихи маңызы бар құжат десе болады. Сонымен қатар халықты толғандырған ең келелі деген проблемалар да назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдауды тапсыруы көңілге қонымды. Ұстаздар қауымының иығына түскен ауыртпалықты азайту үшін үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсыр­масы дер кезінде көтерілген шешім деуге тұрарлық. Сонымен қатар ұстаздардың мардымсыз жалақысын келер жылдан бастап 25 пайызға көтергені жақсылықтың нышаны деп есептеймін. Және де қазақстандықтардың денсаулықтарын нығайтып, күрделі жағдайға тап болған азаматтарды тиімді емдей біліп, оларды өлімнен арашалай алуымыз қажеттігін ерекше екпін түсіре келе, күрделі індеттерді емдеуге жаңа жол таба білген учаскелік медицина мамандарының айлық жалақыларын 20 пайызға көтеруді міндеттегені де құптарлық жайт.
Жолдаудың тағы бір көңілге қонымды тұсы – кәсіпкерлік ортаға да қамқорлық танытып, бизнеске әкімшілік ықпал етуді доғаруды бірінші кезекте қолға алынуы тиіс шара екендігін айтты. Бизнестің жол картасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылады. Шағын және орта бизнеске салық амнистиясы енгізілді, тікелей инвестициялар қоры құрылмақ. Ендігі кезекте шағын және орта бизнес өкілдеріне 3 жыл бойы салық салынбайтын болды. Бұл да еліміздің өркендеуі, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы жолында жасалған игі қадамдардың бірі. Сондай-ақ жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтындығына нақты нүкте қойылды. Қорыта айтқанда, Президент халықтың тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде дәлелдеп берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button