Жаңалықтар

Әлеуметтік желінің полицейге көмегі көп



1426348628d1ate-620x400

Әлеуметтік желіні қолданушылар жол жүру ережесін бұзған оқиғаларды жеке парақшаларына қойып, фотосымен жариялап жатады. Енді Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы әлеуметтік желіде жазылған жайттарды да ескерусіз қалдырмауға бел байлап отыр.

Қазірдің өзінде әлеу­меттік желі қолда­ну­шы­ларының көмегімен ас­таналық жол сақшылары жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен 4 жүр­гізушіні әкімшілік жа­уапкершілікке тартқан.
Сондықтан, Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникова жолдағы заң бұзушылыққа бей-жай қарамай, полицейлерге жәрдемдескен әлеуметтік желі қолдану­шыларына алғысын айта отырып, қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгерлерін бейқам қал­май,«102» телефонына немесе Астана қаласы Ішкі істер департаментінің mvd.gov.kz порталына хабарласуға шақырады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button