Ел тынысы

Алтыншы BINOM ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордада алтыншы BINOM мектебі ашылды. Оқу ордасына халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Мектеп елорданың жылдам дамып келе жатқан ауданында, Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан. 4 мың бала екі ауысыммен оқи алады. Бұған дейін ашылған 5 BINOM мектебі жүктемені азайтуға және бас қаладағы оқушы орындарының тапшылығын 20 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл жобаны BI Group құрылыс холдингі Астана әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асыруда.

BINOM мектебінде, стандартты оқу сыныптарынан бөлек, интерактивті панельдермен жабдықталған сыныптар, роботтехникасы бөлмесі, металл және ағаш жонатын шеберханалар, қыздарға арналған шеберхана, Speaking Club, TedxBinom бөлмесі бар. Сондай-ақ мектепте физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша зертханалар жұмыс істейді. Ең бастысы, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған лифтілер, пандустар, тактильдік тақталар орнатылған

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button