Елорда тынысы

Астанада 13 мектеп бой көтереді

Алдағы жаңа оқу жылында бас қалада тағы 13 мектеп бой көтереді. Олардың әрқайсысы 4 мың оқушының орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы оқу орындарының құрылыс барысымен танысу кезінде мәлім етті.

– Биылғы оқу жылында тағы 9 мектепті қолданысқа береміз. Мәселен, Т.Рысқұлов көшесіндегі, Р.Қошқарбаев даңғылындағы, Ұлы дала даңғылындағы және Сауран көшесіндегі, Ұлы дала даңғылы мен №39 көшесіндегі және т. б. мектептер осы оқу жылында пайдалануға беріледі. Көктемде іргелес аумақты абаттандыруға кірісуді тапсыр­дым, – деді қала басшысы.

Алдағы оқу жылында тағы 13 мектеп салынатынын айта келе, елорда әкімі қосымша мемлекеттік тапсырысты орындаудың жоспарланып отырғанын атап өтті.

– Алдағы оқу жылында тағы 13 мектеп салынады. Бүгінгі таңда қалада ірі мектептер салынып жатыр. Мұндай мектептің әрқайсысы 4 мың оқушы орнын, яғни екі ауысымдық оқуды ашуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі. Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына екі ауысымда дәріс алуға арналған жаңа форматтағы 25 мектепті жобалау жұмысын жүргіземіз. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысын 2023 жылы бастаймыз. Балабақша мәселесіне де көңіл бөлеміз: жақында Есіл ауданындағы Күлтегін көшесінің бойынан мемлекеттік балабақша ашылды. Сол сияқты келер жылы жеке балабақшаларға 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жоспарлап отырмыз, осы арқылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттырамыз, – деді Ж.Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button