Ел тынысы

Аманатқа қиянат болмағай

Күні кеше еліміздің саяси өмірінде де айтулы оқиға орын алып, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII cъезі өтіп, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның жаңа атауы «Аманат» болып өзгеретінін қолдағанының куәсі болдық.

[smartslider3 slider=2309]

Қазақтың киелі аманат сөзінің мән-мағынасының терең екенін түсіндіріп жатудың өзі артық болар. Ұлт рухания­тына терең тамыр жіберген жандар жылы қабылдап, ата- баба аманатына адал болып, дәстүр жалғастығының озық үлгісін көрсетіп келе жатқаны баршамызға аян. Ендеше, ­«Аманат» партиясына жүктелер жүк те жеңіл болмасы анық. «Жаңа Қазақстан» құруда, елдің әл-ауқатын арттырып, экономикасын дамытуда жаңаша көзқарас қалыптастырып, халық сеніміне ие болу үшін аянбай күні-түні қызмет қылу керек болады. Партия төрағасы айқындаған міндеттер, атап айтар болсақ, қоғаммен шынайы кері байланыс орнатып, «халық үніне құлақ ассақ», партияның құрылымдық бөлімшелерінің бастамашылдығына басымдық берілетін болса, қаптаған шындыққа жанаспайтын есептер азайып, шынайылық төрге шығатын болса, «Жаңа Қазақстанның» жас құрылысшыларын қалыптастыруды қолға алатын болса, ата-баба аманатына адалдық танытып, ел тәуелсіздігін нығайтуға қосар үлестері еселене түсері сөзсіз. Партияның саяси кеңесінің құрамында біз білетін, бедел биігінен көрініп, сенім жүгін арқалап жүрген жас ғалымдар, ақын-жазушылар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жоғары оқу орындарының жетекшілерінің болуы – партияның абыройын арттырып, ел игілігі үшін игі істерді еңсеретіндері күмән тудырмасы анық.

Олай болса, Аманатқа қиянат болмай, іргелі істеріңізде сәттілік серік болсын, партияластар!

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,

ҰҒА академигі, фиология ғылымдарының докторы, профессор

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button