Ел тынысы

Келешегі кемел болады деп сенемін

Билеуші партияның атауы бірінші рет өзгертіліп жатпағаны баршаға аян. Алғашқыда ол «Отан» деп аталды. Кейін «Нұр Отан» болып өзгертілді. Енді, міне, «Аманат» деп атап жатырмыз.

[smartslider3 slider=2308]

 

Партия атауының өзгеруімен бірге оның алдағы міндеттері де ауысып отыратыны белгілі. Заман ағымына қарай алда жаңа мақсаттар тұр. Сондықтан саяси ұйымның бұл қадамы жаңа серпін болды деп есептеймін.

«Аманат» деген атау партияға, сонымен қатар оның мүшелеріне зор жауапкершілік жүктейді. Себебі «аманат» деген сөздің түп төркініне үңілер болсақ, түсіне білген адамға бұл сөздің астарында терең мағына жатыр.

Өзім 2007 жылдан бері осы партияның мүшесімін. Партияның бағдарламалары айқын, партияластарымның көбі елжанды азаматтар деп санаймын.

«Аманат» партиясының келешегі зор болатынына, елімізді үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенемін.

Нұрлан ӨТЕШ,

қоғам қайраткері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button