Жаңалықтар

Негізгі ережелер түсіндірілді

Елордалық мемлекеттік аудиторлардың қатысуымен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті.

[smartslider3 slider=2307]

Елорданың Мемлекеттік аудит департаментінің ұжымымен Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Монолбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының міндеттерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Қуаныш Монолбаев мемлекеттік қызметшілерге осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы бекіткен алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ­саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Қатысушылардың назары келесі міндеттерге аударылды: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру.

Спикердің айтуынша, заң мен сот алдында баршаның теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аудару ұсынылады. Бұл үшін сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігін күшейту, құқық қорғау органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленді.

Құқық қорғау және сот ортасында сатылмаушылықты тексерудің «Integrity check» құралы енгізіледі, ол жосықсыз қызметкерлерді уақытылы анықтауға және жұмыстан босатуға, қоғамға олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен болатын залалдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ереже­лері туралы хабардар болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және 1424 call-орталығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button