Ел тынысы

Апатты үйлер бұзылады

2027 жылдың соңына дейін Астанадағы 75 апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылып, оның тұрғындары жаңа үйлерге көшіріледі. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы, Amanat партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Ерлан Каналимов мәлім етті.

Amanat партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында қарастырылғандай, 2027 жылдың соңына дейін бас қаладағы 75 апатты және тозығы жеткен үйдің тұрғындарын көшіру жоспарланған. Биыл – 18 үй, 2024 жылы – 20 үй; 2025 жылы – 5 үй; 2026 жылы – 19 үй және 2027 жылы 13 үй бұзылып, оның тұрғындары жаңа қонысқа көшіріледі» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде 2027 жылдың соңына дейін елорданың 100 тұрғын үй кешенінде 150 лифт ауыстырылып, жөнделеді. «Бұдан басқа, өңірлік даму жөніндегі кеңесте тоқсан сайын дайындалған жер учаскелерін бөлу және инженерлік желілерді, жылу, су, газ және электрмен жабдықтауды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу мәселелері қаралады» деді мәслихат төрағасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button