Қала тіршілігі

Аралдың өнімі Астанаға келеді



Есіл ауданының әкімдігі мен Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

07

Құжатқа Есіл ауданының әкімі Сәбила Мұстафина мен Арал ауданының әкімі Абзал Мухимов қол қойды.
Әріптестік туралы меморандум Астананың Есіл ауданында әлеуметтік дүкендерді ашуды көздейді. Еліміздің оңтүстік өңірінде азық-түлік, әсіресе, жеміс-жидек, көкөністер арзан екені белгілі. Осы өнімдер қолжетімді бағамен елордаға тасымалданып, әлеуметтік дүкендерде сатылатын болады.
Екі тараптың пікірінше, арзан азық-түлік Астанада бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Меморандумда атап көрсетілген екі жақтың міндеттері қазірден жүзеге асырыла бастады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button