Жаңалықтар

БАС ҚАЛАДАҒЫ БАСҚА БАҒДАРШАМ

sveto

Алдағы дүйсенбі, 29 тамыздан бастап Астанадағы Қабанбай батыр көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысына елмізде бұрын-соңды болмаған бөлекше бағдаршам орнатылады. Жаңа қондырғыны елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы эксперимент ретінде ұсынды.

Аталмыш аппарат қызыл түсті «+» белгісі түрінде бағдаршам жанына бекітіледі. Бұған ұқсас сигнал бүгінде Францияда кеңінен танымал. Оның ең басты артықшылығы – солға қарай бұрылған көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде. Яғни, белгі тек сол жаққа қарай бұрылатын жүргізушілерге ғана арналған. Мұнда «+» сигналы қарама-қарсы бағыттағы бағдаршамның қызыл көзі жанып не сөніп тұрғанынан хабар береді.

Мәселен, Қабанбай батыр мен Қор­ғалжын тас жолының қиылысында жанама бағыт бойынша Тұран даңғы­лынан келе жатқан транспорттың өтуіне рұқсат беретін бағдаршам сигналы ертерек жанады. Дәл осы кезде солға қарай еш кедергісіз әрі қауіпсіз бұрылатын мүмкіндік туады. Жүргізушілер «+» сигналының көмегімен қарама-қарсы бағытпен келе жатқан көліктер үшін бағдаршамның қызыл көзі жанып не сөніп тұрғанын біледі. Егер «+» сигналы өшіп қалса, қарама-қарсы бағыт өз қозғалысын бастайды және оларға жол беру керек. Осылайша жол қозғалысының қауіпсіздігі жоғарылайды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button