Жаңалықтар

Ардагерлерге – такси тегін



f5bad02614624a4ffa20028cce6

Астана қаласының бизнес қоғамдастығы қалалық кәсіп­керлер палатасы ұйымдастырған «Ұрпақтар алғысы» акция­сына белсене қатысуда.

Жеңістің 70 жылдығына орай 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Такси Азия» ком­паниясы ардагерлерге тегін қызмет көрсетпек. Бүгінде такси автопаркінде 400-ден астам көлік бар.
– Біздің таксопарк Жеңіс күні қарсаңында мамыр айының 5-10 аралығында соғыс арда­герлерін қаланың кез келген жеріне тегін жеткізіп салады. Мұндай әлеуметтік жауап­кершілікті мойнымызға алып, қайы­рым­дылық жасау біздің парызымыз деп білеміз. Ардагерлерді әрдайым қолдап, олардың ерлігін ұмытпау керек, – деді компания өкілі Замира Түлкебаева.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button