Жаңалықтар
Әскери-патриоттық жиын өтті
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2022/05/627dd32b9c344754487292.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының қалалық іріктеу кезеңі өтті.
[smartslider3 slider=2964]
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалы ұйымдастырған жиында оқушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеп-жинаудан, жалпы әскери қорғаныс костюмін киюден норматив орындады. Сондай-ақ белтемірге тартылу және арқан тарту арқылы дене шымырлықтарын көрсетті.
Шараның қорытындысында «Жас сарбаз» қозғалысы филиалының «Айбын» республикалық жиынына қатысатын тәрбиеленушілері анықталды.
Баян Асылбекова