Ел тынысы

Астана-Қостанай пойызы Ақтөбеге дейін ұзартылады

Ұлттық тасымалдаушы №81/82 Астана – Қостанай бағытындағы «Тальго» пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартатыны белгілі болды, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл шешім сұраныстың артуына байланысты қабылданғаны хабарланды.

Осылайша, 2024 жылдың 10 маусымынан бастап «Тальго» №81/82 Астана – Қостанай пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі бағыты кеңейтіледі.

«Пойыз бағытына Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станциялардағы аялдамалар кіреді. Пойыз күн сайын кезеңділікпен Астанадан жұп күндері, Ақтөбеден тақ күндері жөнелтіледі», – делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, жолаушылар пойыздарының жол жүру құжаттарын пойыз жөнелтуге дейін 45 күннен кем емес және 1 күннен кешіктірмей алдын ала сатып алуға болады. Ұзартылған бағытқа билеттер сатылымға шығарылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button