Sport

Астана – спорт қаласы



image51620

Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жалпықалалық «Астана – спорт қаласы» атты бұқаралық шара өтті. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөнінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асырудың аясында атқарылып келе жатқан тұрақты шаралардың бірі болды. 

Атап айтқанда, демалыс күндері елор­даның көп­шілік демалатын орындары бұқаралық спорт алаңдарына айналып шыға келді. Ұйымдастырушылар бір мезгілде қаланың тұс-тұсындағы саябақтарда түрлі спорттан сайыс­тар өткізіп, оған қала тұрғындары қалауынша қатысуға мүмкіндік алды. «Жерұйық», «Президенттік», «Арай», «Ғашықтар», «Астаналық», «Студент­тер» саябақтары мен Отан қорғаушылар алаңы және Ата Түрік атындағы бақта мыңдаған астаналықтар мен қала қонақтары дене шынықтырып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Бұқаралық жарыстарға қа­тысушылар Астана қаласыда жүргізілетін спорт секцияларында тәрбие алып жүрген балалар мен жастардың көр­сетілімдік өнерін тамашалады. Атап айтқанда, боксшылар, теннисшілер, футболшылар, гимнастшылар, велоси­пед­шілер және басқа да спорт түрлерімен айналысушылар шеберліктерін көрсетті.
Көпшілікке арналған «Көңілді старт» жарыстарына қатысушылардың қатары көп болды. Бұл бәсекелерде балалар ата-аналарымен бірге күш сынасып жатты. Роликпен сырғанаушылар мен доп ойнаушылардың сан-қилы ептіліктеріне жұртшылық сүйсініп қол соқты. Стритбол сайыстары да қызықты өтті. Теннисші бапкерлердің өткізген шеберлік сабақтарына қатысушылар да аз болған жоқ. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттық­тырушысы А.Кочетков велосипед спортына қызығушыларға кеңес берді.
– «Студенттер» саябағында өткен спорт мерекесіне қа­тысқаныма қуаныштымын. Осы шараға келгенім көптен бері ойымызда жүрген бір мәселемізді шешіп алдық. Інім енді бокс секциясына баратын болды. Бапкерлермен жолығып, қай жерге, қандай бапкерге баратынымызды біліп алдық. Көпшілікке арналған осындай жарыстар жиі болып тұрса деген тілегіміз бар. Сонда Астанамыз шын мәнінде спорт қаласына айнала түседі деп ойлаймын, – дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Индира Құрбанбаева қуанышын жасырмай.
Иә, соңғы жылдары бұқа­ралық сипат алған осындай спорттық шараларға қы­зығушылық танытқан астаналықтар қатары көбейіп келе жатқаны байқалады. Жексенбі сайын саябақтарда әуес­қой жүгірушілердің жиналатыны, Есіл өзе­ні жағалауында функ­-
ционалдық гимнас­­тиканың ұйым­дасты­рылатыны қалыпты шараға айналды. Осындай ізгілікті дүниелер арқылы Астана шын мәнінде бұқаралық спорттың қаласына айнала бастады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button