Қала мен СалаТуризм

Астана туризм орталығына айналды

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Еуропа елдерінен келген меймандардың басым бөлігін Германия азаматтары құраса, Орталық Азия өңірінен – Қытай тұрғындары болды. Сондай-ақ, Астана – ТМД бойынша ресейлік туристердің ең көп тамашалаған қаласы атанды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов еліміздің туризм саласындағы мамандарымен кездесуі барысында мәлімдеді.

Әлішер Пірметовтің айтуынша, үш ай ішінде елордаға 5,4 млн мейман келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 миллионға артық. «ЭКСПО-2017» көрмесін 93 күн ішінде 3,977 млн адам тамашалаған. Еліміздің осындай көрсеткішке жетуіне көрмеге белсенді қатысқан отандық туристік компаниялар септігін тигізді. Әлішер Пірметовтің айтуынша, үш ай ішінде елордаға 5,4 млн мейман келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 миллионға артық. «ЭКСПО-2017» көрмесін 93 күн ішінде 3,977 млн адам тамашалаған. Еліміздің осындай көрсеткішке жетуіне көрмеге белсенді қатысқан отандық туристік компаниялар септігін тигізді. Көрмені өткізу барысында отандық туризм саласы қарқынды дамып, туроператорлардың қызметіне деген сұраныс былтырғы жылмен салыстырғанда 78 пайызға артқан. Ұлттық компания 187,5 мың билетті сату бойынша туристік компаниялармен 13 келісімге қол қойған. Алайда сатылған турпакеттердің саны 275 мыңнан асып жығылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button