Басты ақпаратҚала тіршілігі

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

Бас қаламыз жақын жылдары әлемдік сауда алаңының біріне айналады. Кеше қала әкімі Бақыт Сұлтанов жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылатын жаһандық сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты.

– Бүгiнгi күн қаламыздың тарихында есте қалады деп есеп­­теймiн. Біз Нұр-Сұлтан қала­сында Дүниежүзілік сауда орталықтары қауымдастығының тағы бір нүктесін құру жөніндегі ұзақ жылғы келіссөздерді іске асырудың негiзгi кезеңіне көштік. Бұрынғы ЭКСПО аумағында, ал қазір белсенді дамып келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы әлемдік брендтерді, трансұлттық корпорацияларды, инвестицияларды тартудың тағы бір нүктесін құрудамыз. Бұл керемет жобамыздың жүзеге асуына тілектеспін, ал келесі кездесуімізді осы ғимараттың үстінде 350 метр биiкте өткiзе­йiк демекпін, – деді Б.Сұлтанов.


Өз кезегiнде «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар бұл əлемнiң 90 елi ұсынған дүние жүзіндегі ең ірі сауда қауымдастығының біріне айналатынын атап өтті.
– Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты – жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтан қаласымен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл – жаңа жұмыс орнын құру, жа­ңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Бұл жобаның болашақта дамуын асыға күтеміз, – деді Мехран Эфтехар.
Айта кетейік, биыл жыл басында Елбасы Нұрсұлтан ­Назарбаевқа бас қаламыздағы Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жобасы таныс­тырылған болатын. Халық­аралық сауда орталықтарының басым бөлігі Еуропа (100-ден аса) мен АҚШ-та (60-қа жуық) орналасқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button