Елорда тынысы

Астанада аяз қақап тұр

«Қазгидрометтің» мәліметінше бүгін Астанада күн алабұлтты, жауын-шашынсыз, бірақ аяз қатты болып тұр, деп хабарлайды, astana-akshamy.kz.

Ауа температурасы түнде минус 33-35-ке дейін түскен болса, күндіз минус 27-29 аяз болмақ. Жел солтүстік-батыстан жылдамдығына 9-14 м/с болып соқпақ.
Қалалық Білім басқармасының деректері бойынша: 2024 жылғы 16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
«City Transportation Systems» ЖШС 16 ақпан таңғы 05:55-ден бастап қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарлардың қозғалысы ауа-райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды деп хабарлайды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button