Жаңалықтар

Астанада «Газель» тоннельге соғылды



Астанада  бүгін түс кезінде «Астана Опера» театрының маңында «Газель» автокөлігі тоннельдің төбесіне соқтығысып, қирап қалған.

Көліктің биіктігін ескермей, жылдамдықпен келе жатқан жүк машинасының төбесі кедергіге соғылған кезде  автомашинаның  жүксалғыш бөлігі толығымен бүлінген.  Соның салдарынан жерасты өткелінде үлкен  кептеліс болды.

 Қазіргі уақытта полицейлер  жол апатының мән жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр», – деді қалалық Ішкі істер департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Жол-көлік апаты кезінде жарақаттанғандар мен  зардап шеккендер болған  жоқ.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button