Жаңалықтар

Химиялық кастрация жасалады

«Қазақстанда тұңғыш рет химиялық кастрация жасалатын болады» деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева  бүгін үкіметте өткен брифингте.

«Биылғы 1 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрация жасау тәртібі туралы бұйрық күшіне енді. Соттың шешіміне сәйкес, енді химиялық кастрация жасауға рұқсат берілді. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрация жасау бойынша бір өтініш түсті», – деді ол.

Бірақ вице-министр өтініштің нақты қалай қаладан түскенін нақтыламады. Ақтаеваның айтуынша, елімізде химиялық кастрация жасауға 9 миллион теңгеден аса ақша бөлінген көрінеді.

Дереккөз:  Tengrinews.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button