Қоғам

Бір халық. Ортақ Отан

Конституция ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiн еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiн сезiне отырып, өзiнің егемендiк құқығын негiзге ала отырып қабылданды. Соның белгісі Конституцияның негізіндегі қаланған Отанымызды татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы болды.Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы, аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, елдің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Бір халық – бір ел – бір тағдыр. Мұнда үлкен мән бар.
Кезінде тағдырдың жазуымен қазақ даласына қоныс тепкен сан түрлі ұлт өкілдерінің бүгінде тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ. Ұлтына, тілі мен діліне қарамай, барша этнос өкілдерінің теңдігі Ата заңда айқындалды. Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Заң алдындағы азамат пен мемлекеттің бірдей жауапты болуы, кімде-кімнің ұлт өкіліне жататындығына қарамастан, тең екендігі әуелден-ақ Конституцияда нақты көрсетілген. Осы маңызды құжаттың және Президенттің салиқалы саясатының арқасында елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір сүруде. Соның ішінде 300 мыңнан аса украиндық Қазақстанды мекен етуде. Оның 20 мыңнан астамы Астанада тұрады. Ал біздің «Оберег» украиндер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі 200-ден асады.

Мұнда әр ұлт пен ұлыстың өз ана тілі мен дінін, мәдениетін сақтап, оны дамытуға мүмкіндік берілген. Алайда ортақ Отанымыз Қазақстанда қай ұлттың өкілі болмасын, осында туып-өскен азаматтардың барлығы Отаны үшін қызмет жасап, спортта да ел намысын қорғап, көк туды желбіретіп жүр. Болашақта да бұл үрдістің дәл осылай жалғаса беретініне күмәнім жоқ. Себебі біз – қазақстандықтармыз. Ортақ Отанымыздың туын түсірмей, мерейін асыру үшін қызмет ететін боламыз.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттігіміздің жүрегі болған Ата Заңымыз мәңгілік болсын! Еліміз өркендей берсін! Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!

Тамара ШИРМЕР,
Астана қаласы «Оберег»
украинд
ар қоғамы»
бірлестігінің төрайымы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button