Жаңалықтар

Астанада триатлон жарысына байланысты бірқатар көшелер жабылады



31 шіледе елордада «Super Sprint Triathlon Astana – 2016» жарысы өтеді. Осы шараға байланысты қаланың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі.

1106638

Таңғы сағат 10:00-де басталатын триатлон жүзу, веложарыс, жүгіру секілді спорттың үш түрін қамтиды. Жарыс кезінде Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы «Тұлпар» көпірінен бастап әуежайдың айналма жолына дейін шектеледі. Бұл маңайдан өтетін жүргізушілерге Қабанбай батыр көшесі мен Сарайшық көшелері арқылы айналып өтуді ұсынады.

Оған қоса, Қабанбай батыр көшесінің «Рамстор» сауда үйінен бастап Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі жабылады. Ал бұл жаққа жолы түсетін көліктер Республика даңғылы – Тәшенов көшесі – Орынбор көшесі бағыты бойынша айналып өткені абзал.

Елорда полицейлері жүргізушілерге жағ­дайға түсіністікпен қарап, жүретін жолда­рын алдын ала бағдарлап алуын сұрайды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button