Жаңалықтар

Астанада жаңа аттракциондар ашылады



Астаналық саябақта бүгінде 16 аттракцион бар. 1 маусым – балалар күніне орай мұндай жаңа ойын аттракциондары ашылмақ.

Астаналық парк меңгерушісі Ғани Хасеновтің айтуынша, 7D лифті, ұзын арқандар паркі, даладағы спорттық батут тынығуға келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын болады.
Жұртшылық саябақта көбіне балаларымен қыдыратыны белгілі. Сондықтан мұнда әсіресе, балдырғандарға арналған ойын алаңдары көптеп қойылған. Атап айтқанда, «Америкалық әткеншек», «Зубр», «Қарақшылар кемесі», «Қырықбуын» секілді бүлдіршіндердің қуана ойнайтын аттракциондар бар.
Мерекеге орай жеткіншектерді бұдан басқа да көптеген тосынсый күтіп тұр. Елордалық паркте Париждің Эйфель мұнарасының тұсында орналасқан ірі әткеншекке ұқсас аттракцион да балалар мен ересектердің көз қуанышына айналмақ.
Айтпақшы, мұнда экологиялық хайуанаттар бағы да ашылады. Онда балалар әртүрлі жан-жануарды көріп, оларды қоректендіруге мүмкіндік алады.
Астаналық парктің аумағы бүгінде 17 гектарға жуық. Онда орналасқан дүңгіршектердің өзі қайта жасалып, елордалық мәртебеге сай безендіру қарастырылып отыр.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button