Жаңалықтар

ЖЕКСЕНБІ САЙЫН ЖАТТЫҒУ

Астана қаласының әкімдігі әр жексенбі сайын елордалық саябақта шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін тегін спорт жаттығуларын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Салауатты өмір салтын қалайтын адамдарға тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар таза ауада кроссфит және йогадан жаттығулар жүргізеді. Жекпе-жек өнеріне әуестерге Сombat Battle жаттығу жүйесін, ал әсерлі биді ұнататындарға латынамерикандық зумба биін ұсынады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары жүйесін шынықтыруға арналған Gardio-zone сабақтары өткізіледі.
Жексенбілік жаттығулар Астаналық саябақта әр жексенбі сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін ұйымдастырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button