Жаңалықтар

Азық-түлік жәрмеңкесіне асығыңыз

Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын азық-түлік жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналды. Алдағы жексенбі күні астаналықтарға Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкеге 150-ге жуық тауар жеткізушілер қатысады. Олардың қатарында «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Милк прожект» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және басқа да үздік тауар өндірушілер болады.
Құрметті астаналықтар, азық-түлік жәрмеңкелері алдағы уақытта әр аптаның жұма және жексенбі күндері аралығында Кенесары көшесі, 14-үй, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионының автотұрақ алаңында өтетін болады.
Қаланың тұрғындары мен қонақтары 500-ге жуық азық-түлік тауарларын, атап айтқанда: ет, балық, сүт өнімдерін, шұжық, жеміс-көкөніс және ұн, май, жарма бұйымдарын нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button