ЖаңалықтарҚоғам

Астанада 26 мамыр күні бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

26 мамырда «Жастар» МҮ-нде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін тек әйелдер мен жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Оның ұйымдастырушысы – Астана қаласының әкімдігі.

Мұнда білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үй, автопарк, ішкі істер органы секілді 60-тан астам жұмыс берушілер өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынады.
Бұл – биылғы жылы осымен бесінші рет өткізіліп жатқан жәрмеңке. Жоспар бойынша 2016 жылы барлығы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілмек. Бүгінге дейін өткізілген жәрмеңкенің арқасында 116 адам жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан адамдардың тең жартысы – әйелдер. Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов, қазақстандық әйелдердің өз мүмкіншіліктерін көрсету үшін барлық жағдайлар жасалғанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда ерлерге қарағанда, әйелдердің әлеуметтік жауапкершілігі басымырақ, әрі олар отбасы мен балаларға көбірек қамқорлық етеді.
– Әйелдер ешқашан қол қусырып отырмайды әрі ерлерге қарағанда, әйелдер өз отбасын асырау үшін кез келген жұмысқа баруға дайын. Қазіргі кезде, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың тең жартысы да әйелдер, – дейді Ермек Оспанов.
Осы жылдың басынан бастап 2246 адам жұмысқа орналасқан, олардың 1086-сы – әйелдер. 919 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, оның 620-сы – әйелдер (67%).
397 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына бағытталса, соның ішінде 235 адамы әйелдер болып табылады (59%). Жас­тар практикасына 235 адам кіріскен болса, соның 145-ін (66%) қыздар құрайды. Қазіргі таңда, Жұмыспен қамту орталығы 661 мамандық бойынша курстар ұйымдастыруда, олардың 410 мамандығы әйелдерге арналған (62%). Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасындағы 1 322 бос орындар елорданың жұмыс іздеуші әйелдеріне арналған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button