Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Жамбыл облысы

Таразда 80 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған көп пәтерлі тұрғын үйге әлеуметтік жағынан аз қам­тыл­ғандар, соғыс ардагерлері және ұзақ жылдар бойы кезекте тұр­ған бюджеттік мекеме қызметкерлері қоныс­танды.

Түркістан облысы

Түркістан қаласында «Өлкетану» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті. 5-7-сыныптарға арналған оқулықта Түркістан облысының географиялық ерек­шеліктері, аумақтық орны, әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен өнері толық қамтылған.

Алматы қаласы

Алдағы үш жылда 22 мың орындық 37 жатақхана бой көтереді. Қала билігі кейбір университеттерге жер телімдерін бөліп, құрылыс алаңдарына жылу, су, электр энергиясы сияқты инженерлік желілерді тартып, көмек көрсетуде.

Ақмола облысы

Бурабай баурайында «Бура­bike» дәстүрлі қайырымдылық велошеруі өтті. Бұқаралық шараға биыл 2300 адам қатысты. Велосипедпен шеруге шыққандар арасында Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Серік Сәпиев және кеше ғана Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған Алексей Луценко сияқты танымал спортшылар болды.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласында тұңғыш рет смарт-мектеп ашылады. Жаңа заман талабына сай салынған ғимаратта толығымен сандық білім беру технологиясы енгізілген. «Ақылды мектеп» жобасы аясында бақылау-өткізу құрылғылары, ақпараттық терминалдар орнатылды.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында Білім кү­ніне орай 9 жаңа мектеп пай­далануға бе­­ріледі. Бүгінгі таңда атал­ған өңірде 27 мектептің құ­ры­лысы жүріп жатыр. Соның ішінде 15-і жыл аяғына дейін тапсырылмақ.

Атырау облысы

Атырауда «Ата Заңды жат­қа білемін!» атты байқау ұйым­дас­тырылды. Байқаудың нә­тижесінде үздік шыққан үш студент – Нұрдәулет Бағытжан, Гүлнұр Ғалиева және Назерке Нұрмұ­қановалар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бір жылдық оқу грантына ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button