Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

 

Астана
«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Енді команданы украиндық маман Роман Григорчук жаттықтыратын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданының ди­қандары егістіктен алған ал­ғашқы өнімдерін Ресейге жіберді. Бір күнде 20 тонна тауар саудалаған диқаншылар жалпы ауқымы 55 тонна қауын мен 45 тонна қарбыз жөнелткен.

Атырау облысы
Атырауда үшем дүниеге келді. Үшеуі де ұл. Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылында тұратын Ардақ және Уәли Айдарбековтер отбасында осыған дейін төрт ұл бар еді.

Павлодар облысы
Павлодарда жаяу жүргіншілер өтетін жолақтардың алдында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жазулар пайда болды. Жаяу жүргіншілер жолында: «Жаяу жүргінші! Саған жүргізуші жол бергеніне көз жеткіз!», «Жан-жағыңа қара!» деген жазулар орналастырылған.

Ақмола облысы
Көкшетауда аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін спорт үйірмелері ұйым­дас­тырылды. «Бақытты балалық шақтың күзетінде» атты қайырымдылық шарасы аясында жеткіншектер спортпен тегін шұғылданатын болады.

Қарағанды облысы
31 мамыр – Саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қарағандыда екі бірдей тастұғыр орнатылды. Чех және Иран құрбандарына арналған ескерткіштердің ашылу салтанатына бес мемлекеттің елшісі келді.

Жамбыл облысы
Таразда алғашқы бродкастинг залы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған бұл орталық жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Ол «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында пайдалануға беріліп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавлда қарақұмық пен дәнді дақылдар өндіретін алғашқы цех ашылды. «Рахат­Опт» ЖШС өндірісті «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы
аясында ашылып отыр. Ай сайын 40 тонна өнім өндіруді көздейтін бұл кәсіпорын биыл еліміздің бірнеше қаласынан өз филиалын ашпақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button