Басты ақпарат

Астанаға аймақтардың тартуы

 

Еліміздің жүрегіне айналған елордамыз биыл 20 жылдығын атап өтеді. Мерейлі мерекеге орай Қазақстанның барлық аймақтары Астананың өркендеп, көркеюіне өзіндік үлес қоспақшы. Осылайша елорда тойы ел тойына ұласпақ.

 

Қазіргі кезде еліміздегі барлық облыстар мен Алматы қаласы «Өңірлердің Астанаға тартуы» атты жобаны жүзеге асыруда. Жобаның аясында елордамызда әлеуметтік маңызы зор 10 нысан бой көтереді. 2018 жылы Астананың 20 жылдығын тойлауға сапалы дайындалу мен өткізу негізгі миссия болып табылады. Осыған орай, бағдарлама жасалды, комиссия жұмысын бастады, тұрақты түрде жұмыс істейтін штаб құрылды. Ал жаңадан салынатын нысандардың тізімі төмендегідей:
1. «Әлем қақпасы» композициясы (Ақтөбе облысы);
2. 240 орындық балабақша (Алматы қаласы);
3. «Арай» саябағының базасында салынатын қалалық спорттық-ойын-сауық саябағы (Алматы облысы);
4. Есіл өзеніне салынатын веложаяу жүргіншілер көпірі (Атырау облысы);
5. Ботаникалық бақтағы түрлі түсті және музыкалық субұрқақ (ШҚО);
6. «Ғарыш» тақырыбына арналған экспозиция және ашық алаңқайы бар гүлзар (Қызылорда облысы);
7. «Қазақ еліне мың алғыс!» монументі және жаяу жүргіншілер бульвары (Қарағанды облысы);
8. Жеңіс даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысындағы гүлзар (БҚО);
9. Қайта жөндеуден өткізілген «Достық үйі» (Маңғыстау облысы);
10. Қалалық саябақтан Ильинкаға дейінгі жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын веложолдар (ОҚО, Павлодар, СҚО, Қостанай, Ақмола, Жамбыл облыстары).

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button